Балаңыз өзін танып, өз жолын табатын мектеп
Оқушыларымыздың 92% Қазақстан, 6% шет ел университеттеріне оқуға түсті
Мектеп
Миссиясы
Әр адам саналы тұлға болып қалыптасып, қоғамға үлес қосардай әлеуетін дамыта алатын шабыт сыйлар орта құру.
ТІРКЕЛЕМІН
ALMATY
Толығырақ
SHYMKENT
Толығырақ
AKTAU
Толығырақ
AQTOBE
Толығырақ
СЕРІКТЕСТЕР
Мектеп формасы қандай?
Мектеп формасы ретінде поло мен бомбер беріледі. Оқушылар әдетте Smart Casual стилінде киініп келеді.
Тіркелу үшін қандай құжаттар керек?
Мектепке тіркелу үшін қажет құжаттар:
  • №026 медициналық анықтамасы
  • денсаулық құжаты (паспорты)
  • оқушының 3х4 суреті (2 дана)
  • көк папка
  • оқыған мектебінен кету талоны 
  • барлық сыныптардың печать басылған табельдері
  • ата-ананың мектепке қабылдау туралы өтініші (1 сыныпқа қабылдау өтініші де папкада болу керек)
  • оқушының туу туралы немесе жеке куәлігі (ЖСН міндетті түрде болу керек)
  • 9 сыныпты бітіргені туралы аттестат
Жеңілдіктер бар ма?
Оқу ақысына негізгі жеңілдіктер тізімі:
Бірден толық төлем жасаған жағдайда - 10%;
Бір үйден екі бала оқыса - 20%;

Әлеуметтік жеңілдіктер - 5%:
  • Көпбалалы отбасы;
  • Жалғызбасты ана;
  • Мүгедектігі бар оқушыларға.
Сіздердің мектеп несімен ерекшеленеді?
Біздің мектеп оқушыны тек нәтижеге бағыттап қана қоймай, оның тұлғалық потенциалының өсуіне көмектеседі. Балаңыздың жасырын қабілеттері ашылады, адамдармен дұрыс коммуникацияға келуді, өзін лидер ретінде ұстауды үйренеді. Іштей уайымы, қорқынышы болса, кураторлардан әрдайым эмоционалды қолдау алып отырады. Облыстық, республикалық және әлемдік жарыстарға еркін шығу мүмкіндігі бар.

Егер сіз сапалы білім беретін балаңызға бақытты мектеп өмірін сыйлайтын мектеп іздесеңіз, JOO High School-ға келіңіз. Бұл жерде сіз іздегеніңізді оңай табасыз!
10 сыныптар қандай сабақтарды оқиды?
10-11 сыныптар мектеп кестесі бойынша тек таңдау пәндерін оқиды. Қалған пәндерді проект ретінде қорғап тапсырып отырады. Бұл ҰБТ-ға дайындықты жақсартуға және “үлгермей қаламын” деген стресстің алдын-алуға өте жақсы көмектеседі.
Балам әлі мамандық таңдамаған, оған мектеп көмектесе ме?
Балаңыз таңдау пәнінен шатасады деп қорықпаңыз, себебі біздің мектепте мамандық таңдауға көмектесетін - профориентатор мамандарымыз бар. Халықаралық сертификациядан өткен мамандар оқушымен сұхбаттасып, оның типажына байланысты және қалауын ескеріп, мамандық түрлерін ұсынады. Сондықтан, балаңызды біздің мектепке еш ойланбай әкеліңіз!
1 сыныпта қанша бала оқиды?
Әр сыныпта 20-ға дейін оқуға оқиды. Бұл мұғалімнің оқушыға жеке подход жасауына және білім алушының тақырыпты жеңіл қабылдауына көмектеседі. Балаңыздың сапалы білім алуына жағдай жасағыңыз келсе, мектепке тіркеліңіз.
Мамандарымыз сізбен байланысып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
JOO SCHOOL мектебіне түсу бойынша толық ақпарат алу үшін өтінім қалдырыңыз.