Бейімделу және мамандық таңдау
Профориентациялық консультация: Оқушының «А» нүктесін анықтау, мамандық таңдауға бағдар алу және SMART мақсаттар қою.
Таңдау пәндері: ҰБТ мен шетелге түсу бағытына сәйкес бейіндік пәндерді таңдап, сыныптарға бөлінеді.
Дайындық: Таңдау пәндері бойынша сыныпта таңдау пәндерін тереңдетіп оқып, ҰБТ мен шетелге дайындықты дереу бастап кетеді.
Прогресс: Оқушы мектеп форматына үйреніп, өзінің академиялық жоспарын нақтылайды.
ҰБТ мен шетелге дайындықтың күшеюі
IELTS/TOEFL фокус: Ағылшын тілі деңгейін көтеру. TOEFL тапсыруға 30 долларға дейін жеңілдік алу мүмкіндігі.
ҰБТ-ға дайындық: Таңдау пәндері бойынша тереңдетіп оқу, «мектеп+курс» бағдарламасында білім алады.
Бақылау: Әр 2 апта сайын сынақ тестін тапсырып, нәтижелерді бақылау. Оқушылар шынайы ҰБТ-ның атмосферасын сезініп, үйренеді.
Университеттерге экскурсия: Экскурсияға барып немесе университет өкілдері мектепке келуі арқылы оқушылар Қазақстандық және халықаралық ЖОО-лармен танысады.
Прогресс: Ағылшын тілі мен таңдау пәндері бойынша алғашқы нәтижелерді көрсете бастайды.
Прогрессті бақылау, қатемен жұмыс
Қаңтар ҰБТ: Сынақ ҰБТ-ны тапсыру арқылы әлсіз тақырыптарды анықтап, сол бойынша дайындықты күшейтеміз.
Фокуспен дайындық: ҰБТ бойынша үздіктерге мотивация және анализ жасау арқылы әр ата-анамен жеке кездесу өткізіледі.
Университеттерге экскурсия: Қазақстандық және халықаралық ЖОО-лармен танысады.
Прогресс: Оқушы күрделі мәселелерді шешуге дағдыланады, ҰБТ балы тұрақтанады.
Жеңісті мәре және грантқа түсу
Наурыз ҰБТ: Сынақ ҰБТ-ны тапсыру арқылы әлсіз тақырыптарды анықтап, сол бойынша дайындықты күшейтеміз.
Профориентация: Жылдық нәтижелерді бағалау. Өзінің не қалайтынын білетін, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның портреті қалыптасады.
ҰБТ алдындағы қолдау: ҰБТ алдындағы стрестті азайту үшін арнайы психологпен семинарлар мен іс-шаралардың ұйымдастырылады (арт-терапия, сыныппен бірге шай ішу және т.б.)
Прогресс: Оқушы білім деңгейін көтеріп, жоғары оқу орнына толық дайындықпен қадам басады.
ҰБТ & Шетелге түсу: Соңғы дайындықтар және ЖОО-ларға құжат тапсырады. Серіктес университеттерден ІШКІ ГРАНТ ұтып алу мүмкіндігі.